Илья Ильин қызын қазақтың салтымен бесікке бөледі (ВИДЕО)

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Илья Ильин қызын қазақтың салтымен бесікке бөледі (ВИДЕО)
Фото: Instagram/ilyina_tatyana_, ilyailyinforever
960

Белгілі қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин телебағдарламалардың бірінің тікелей эфирінде үш айлық қызы Айлиге "бесікке салу" салтын өткізгенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

"Ұлттық рәсімді көптеген балалары мен немерелері бар дана, мейірімді әже өткізді. Бұл нәрестенің ақылды, мейірімді, дені сау, бақытты қыз болып өсуі үшін жасалады", - деп жазды жас әке.

Ильиннің айтуынша, баланы бесікке салмас бұрын оны жалынмен тазартады. Бұл "аластау" деп аталады және бесіктегі барлық жамандықты жояды. Сонымен қатар, оның жоғарғы бөлігіне "тұмар" байлайды, ол баланы жамандықтан қорғайды деп саналады. Кәмпиттер мен басқа да тәттілер нәрестені таза және құрғақ ұстау үшін пайдаланылатын бесіктің ортасындағы тесік арқылы түседі, ал баласыз әйелдер бұл тәттілерді осындай қуаныш жұғысты болсын деген ниетпен алады.

Серіктес жаңалықтары