сәрсенбі, 9 сәуір, 2025

Павлодарлық оқушы мұғалімі мен сыныптасына пышақ сұғып алған

/
polisia.kz
Қылмыстық іс қозғалды.

Павлодарда оқушы мұғалімі мен сыныптасына пышақ сұққан, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сыныптасына, сондай-ақ мұғалімге пышақ салған Павлодар қаласының мектеп оқушысы ұсталды.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. 

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу: