Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан шығады?

Ол жаздың ортасында Лас-Вегаста рингке шығуды жоспарлап отырғанын растады

Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан шығады?

WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ESNews арнасына берген сұхбатында рингке қашан шығатынын айтты, деп жазады turkystan.kz.

Ол жаздың ортасында Лас-Вегаста рингке шығуды жоспарлап отырғанын растады.

Бұған дейін америкалық инсайдерлер «Қазақ стайлдың» жаңа жекпе-жегі жаңазеландиялық міндетті қарсылас Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) болатынын жазған.

Ал Жәнібек қарсыласының атын атамай, жекпе-жек өтетін күнді ғана жариялады.

13 шілде күні Лас-Вегастағы Palm Casino Resort кешенінде өтеді, - деді ол.