Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп жазады turkystan.kz.
Алдағы үш күнде едіміздің батысында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, орталық аймақтарда күн жылып, ауа температурасы 22-27 градус болады. Өткінші жауын жаууы мүмкін.
Оңтүстік және шығыста ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр, бұршақ жауады, қатты жел болады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін жоғарылайды.