Қоқыс жәшігінен нәресте табылды

Қоқыс жәшігінен нәресте табылды

Қоқыс жәшігінен нәресте табылды
ашық дереккөзі
340
Алматыда 18 жастағы студент қыз босанған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен. Тастанды сәбиді таңғы уақытта қаладағы жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасы маңынан өтіп бара жатқан адам көріп қалған, деп хабарлайды tengrinews.kz Сәби шамамен таңғы сағат алтыда Байтұрсынов көшесінде Төле би мен Қарасай батыр көшелерінің арасынан табылған. Өтіп бара жатқан адам полицейлер мен жедел жәрдемді шақырған. Дәрігерлер жаңа туған сәбиді ауруханаға жеткізген. Бірнеше сағаттан кейін полиция қызметкерлері сәбидің анасын жақын маңдағы жатақханадан тапты. Ол Қызылорда облысының тумасы болып шықты, Алматыдағы ЖОО-лардың бірінде 2-курста оқиды екен. Қыз ауыр жағдайда болғандықтан, оған медициналық көмек қажет болған. Содан ол жақын маңдағы қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Алдын ала болжам бойынша, ол сәбиді жатақхана бөлмесінде өзі босанған. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер сәбиді аман алып қалу үшін барын салған. Алайда, өкінішке қарай, сәбидің өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған. Жаңа туған сәби қатты әлсіреп, ауруханаға жеткізілген соң көз жұмған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары