Тарихи сәт: Дзюдошы Ғалия Тыныбаева Астана төрінде алтын жүлде иеленді

Астанада қазақстандық дзюдошылар алғашқы алтын жүлдені иеленді

Тарихи сәт: Дзюдошы Ғалия Тыныбаева Астана төрінде алтын жүлде иеленді
ҚР ҰОК

Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында Ғалия Тыныбаева алтын жүлде иеленді.

48 келі салмақта белдескен Ғалия Тыныбаева финалда ресейлік Сабина Гильязованы ұтып, Grand Slam жарысының алғашқы алтын жүлдесін иеленді. Осылайша, ол қазақ қыздары арасында бірінші рет Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Астана төрінде өтіп жатқан бұл жарыста Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары сарапқа салынып жатыр. Аталған додада әлемнің 92 елінен 519 татами шебері бақ сынауда.