Елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Елімізде теледидар мен радио уақытша өшіріледі
stan.kz

Қазақстанда 15 мамыр күні теледидар мен радио жұмыс істемейді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

«Осыған байланысты, 15 мамыр сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қ. уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдейміз», - делінген хаарламада.