Ақтөбеде полиция көлігі жол апатына ұшырады

Жол апаты 9 мамырда болған.

Ақтөбеде полиция көлігі жол апатына ұшырады
kaztag.kz

Ақтөбеде қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді қуған полицейлер жол апатына ұшырады, деп хабарлады turkystan.kz.

Жол апаты 9 мамырда болған.

Tengrinews.kz сайтының дерегінше, полиция көлігі күдіктілер отырған ВАЗ көлігін қуып келе жатып, Nissan көлігімен соқтығысқан. Бір жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Nissan кері бұрылу кезінде жол ережесін бұзып, төртінші жолаққа ауысқаны айтылды.

«ЖКО дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмысқа күдіктілер ұсталды», - делінген хабарламада.