Елімізде 70 мыңға жуық жолаушы әйелдер вагонында сапарлаған

Бүгінгі таңда «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызы құрамында бар.

Елімізде 70 мыңға жуық жолаушы әйелдер вагонында сапарлаған
den-der.kz

Жыл басынан бері 70 мыңға жуық жолаушы әйелдер вагондарында жол жүру қызметін пайдаланды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары, деп хабарлады turkystan.kz.

Қызмет енгізілген сәттен бастап (2021 жылдың басынан бастап) 359 мыңнан астам әйел сапарын неғұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз ету үшін «әйелдер вагондарында» жол жүруді таңдаған.

Бүгінгі таңда «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызы құрамында бар.

«Айта кетсек, бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Сонымен қатар, «әйелдерге арналған вагонында» жеті жасқа дейінгі ер жолаушылардың жүруіне рұқсат етілген», - делінген хабарламада.