627
Абай облысында өрттен 40 адам эвакуацияланды
Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы
Семей қаласында бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде электр қалқаны жанып кетті, деп хабарлады turkystan.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспалдақ маршы арқылы құтқарушылар 2 ересек адам мен 1 баланы құтқарды. Сондай-ақ 40 адам, оның ішінде 10 бала өздері эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.