Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы жарыста жеңімпаз атанды

Жас теннисшілеріміз Tennis Europe турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы жарыста жеңімпаз атанды
Сурет: ҚТФ
741

Қазақстандықтар Линара Бөлешева мен Медина Өтепберген Албанияда 16 жасқа дейінгілер арасында өткен Tennis Europe турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық жас теннисшілер жұптық сында финалда италиялықтар Иецца — Маффиді тартысты матчта 6:2, 4:6, 10:2 есебімен тізе бүктірді.

Жекелей сында Линара финалға дейін жетіп, онда жарыстың 6-ракеткасы, түркиялық Сера Хасанбасоглуға жол берді. Есеп — 3:6, 3:6. 

Линараның белгілі футболшы, кезінде Қазақстан құрамасында доп тепкен Әлібек Бөлешевтің қызы екендігі мәлім. 

Тунисте ITF Juniors J60 сериясы бойынша дода аяқталды. Тағы бір қазақстандық Зара Дәркен жұптық сында финалға дейін жетті.

Сондай-ақ жекелей сында жартылай финалда ойнауы тиіс болатын. Бірақ басқа жарысқа кетуіне байланысты Зара соңғы кездесулерін өткізе алмады. 

Серіктес жаңалықтары