«Музарт» тобына пародия жасаған бүлдіршіндер елді сүйсінтті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желі қолданушылары балалардың өнеріне тәнті болғанын жазып жатыр.

«Музарт» тобына пародия жасаған бүлдіршіндер елді сүйсінтті (ВИДЕО)
Видеодан алынған скриншот

«Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында балабақша бүлдіршіндерінің өнер көрсеткен видеосын жариялады, деп жазды turkystan.kz.

Кадрда үш баланың «Музарт» тобына пародия жасағанын көруге болады. Сәкен Майғазиев балалардың өнерін жоғары бағалаған.

«Мейрамбек екеуімізді қайдам, бірақ Кенжебектің образын тамаша келтірпті. Құлыншақтар білімді, саналы, өнерлі болып өссін», - деп жазды әнші.

Видеоға қатысты оның оқырмандары да оң пікір білдірген.

«Бұл балалар Тараз қаласындағы «Айқын» балабақшасының тәрбиеленушілері ғой. Әсем Маратқызы баламның тәрбиешісі болған. Әрбір ертеңгілікті ерекше, қызықты өткізетін», «Кенжебектің биін балақай Кенжебектің өзінен асырып билепті», - деп жазды желі қолданушылары.