«Діттегенім іске аспаса, спорттан кетемін»: Жалғас Жұмағұлов UFC-ке оралғысы келетінін айтты

Ақшаны былай да табуға болады, ал UFC – ол арман.

«Діттегенім іске аспаса, спорттан кетемін»: Жалғас Жұмағұлов UFC-ке оралғысы келетінін айтты
Сурет: UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (16-9) АҚШ-қа оралып, UFC алаңында қайтадан өнер көрсеткісі келетінін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, UFC-ден басқа промоушенда өнер көрсетудің мәні жоқ.

«Қазір 50 де 50. Саятпен сөйлесемін. Америкаға барып, онда жаттығатын боламын. Бірінші мүмкіндік пайда болған жағдайда оны мүлт жіберіп алмай, өнер көрсетуге тырысамын. Ал әзірге нақты менімен келісімшарт жасасатыны туралы әңгіме жоқ. Бәлкім, UFC-де соңғы айқасымды өткізермін. Қалай болатынын көре жатармыз. Бәрі жақсы болса, келісімшарт жасасамын. Ал діттегенім іске аспаса, спортпен қош айтысамын. Ары қарай басқа жерде өнер көрсетудің еш мән көріп тұрған жоқпын. Ақшаны былай да табуға болады, ал UFC – ол арман. Қайта жаттықтым, бабыма келдім. Енді тағы бір рет сынап көргім келеді», – дейді спортшы.

Еске сала кетейік, Жалғас UFC-де 2020-2023 жылдары өнер көрсеткен. Ол – әлемнің үздік лигасы саналатын UFC-де алғаш көрсеткен алғашқы қазақстандық атлет. Онда ол 7 кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіліс тауып, біреуінде ғана жеңіске жеткен болатын.  

Былтыр ол Қазақстанға оралып, жергілікті NAIZA лигасымен келісімшарт жасасты. Бірнеше айда екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Соңғы кездесуінде аяғын сындырып алса да, жеңісті қолдан бермеді.