Түсірілім тобын бірнеше рет тергеген: Иран билігі режиссер Расулофаға Канн кинофестиваліне баруға тыйым салды

Фильмнің сюжеті мен оның актерлік құрамы құпия болып қалып отыр және қанша адамнан жауап алынғаны белгісіз.

Түсірілім тобын бірнеше рет тергеген: Иран билігі режиссер Расулофаға Канн кинофестиваліне баруға тыйым салды
сурет: AP Photo / Francois Mori

Ирандық режиссер Мұхаммед Расулофтың жаңа фильмі Канн байқауының қатысушысы ретінде таңдалған болатын. Соған қарамастан, "Қасиетті інжір ұрығы" филімінің түсірілім тобы бірнеше рет тергеуге алынып, оларға елден шығуға тыйым салынды. Бұл туралы euronews.com жазды.

Адвокат Бабак Пания X-тегі (бұрынғы twitter) жаңалықты растап, режиссерді фильмді Канн құрамынан шығаруға көндіру үшін ұзақ уақыт бойы жауап алғанын, кейіннен түсірілім тобына қысым жасалғанын айтты.

"Қасиетті інжір ұрығының" сюжеті мен оның актерлік құрамы құпия болып қалып отыр және қанша адамнан жауап алынғаны белгісіз.

77-ші Канн кинофестивалі 14 мамырда басталып, 25 мамырға дейін жалғасады.