Түркістандық азамат әпкесімен бірге Меккеге велосипедпен аттанды (ВИДЕО)

Түркістандық ағалы әпкелі Рысқұлбековтер Меккеге велосипедпен кетіп бара жатыр.

Түркістандық азамат әпкесімен бірге Меккеге велосипедпен аттанды (ВИДЕО)
коллаж: turkistan.tv

Қасиетті сапарға шығуға шешім қабылдаған ағайындылар бірнеше күн бұрын Төрткүл ауылынан шыққан, деп жазды turkystan.kz.

"Олар жолдарына шағын азық пен қалың киімдер ғана алып, велосипедке тиеп кете барыпты. Сөздерінше, қасиетті мекенге осылай жаяу бару керектігі жайлы Алладан аян келген. Өткен жылы да ниет етіп жолға шыққан екен. Бірақ, Ақтау қаласына жеткенде құжат жоқтығына байланысты шекарадан өте алмаған. Енді құжаттарын сайлап, шамамен екі айда Меккеге жетеміз деп отыр", - деп жазылған Түркістан телеарнасы таратқан хабарда.