«Әңгіме де көп болады»: Бейбіт Қорған өзіне қатысты қауесетке пікір білдірді

Бейбіт Қорған көпшілік көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.

«Әңгіме де көп болады»: Бейбіт Қорған өзіне қатысты қауесетке пікір білдірді
YouTube/Скриншот
931

Өнер иесі «Жақсы адамдарым» бағдарламасында өзіне қатысты ел арасында айтылып жатқан әңгімелерге қатысты пікір білдірді.

Бейбіт Қорған көпшілік көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Өнерден алыстап кеткен әнші бүгінде бар уақытын отбасына арнап жүргенін айтты.

«Аллаға шүкір, бармыз. Өнерден бөлек әр адамның өз шаңырағы бар. Өнерден басқа да жұмыстарымыз, ойлайтын дүниелеріміз бар. Көбінесе уақытымды бала-шағама, әкеме, бауырларыма арнаймын. Ел қатарлы өмір сүріп жатырмыз. Қазір Астанада тұрамын. Өлең жазумен айналысамын. Балаларымның сабағы бар. Оларға барынша көңіл бөлуге тырысамын», - деді ол.

Сондай-ақ ол өзі жайлы ел арасында айтылып жүрген әңгімелер туралы да айтты.

«Айтылатын әңгіме ешқашан қалыспайды. Адам алға баса берген сайын айтылатын әңгіме де көп болады. Ондайға көп көңіл бөлмеймін. Бірақ қазір өсіп келе жатқан ұлым мен қызым бар. Олардың абыройын, оларға «қатты тиіп кетмей ме?» деп ойламайтын заман болды ғой. Мен үшін балаларыма тура жолда жүрген жақсы әке болу маңызды», - деді өнер иесі.

Серіктес жаңалықтары