9 кәсіпкерді алдаған: Күдікті Ресейден экстрадицияланды

Ресей тарапымен экстрадициялау туралы мәселе аяқталды.

9 кәсіпкерді алдаған: Күдікті Ресейден экстрадицияланды
liter.kz
769

Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тұрақты негізде адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды жүзеге асырады. Осыған байланысты Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей тарапымен экстрадициялау туралы мәселе аяқталды.

«Аталған тұлға 2022-2023 жылдар аралығында шет елдерден азық-түліктің көтерме партияларын жеткізу сылтауымен алаяқтық жолмен 9 кәсіпкердің жалпы сомасы 470 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланды», - делінген хабарламада.

Өткен жылдың желтоқсан айында Мәскеу аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары