826
Қуандық Бишімбаевтың сотында көріпкел мен үй қызметкерінен жауап алынады
Келесі сот отырысында бірнеше адамнан жауап алынады.
Ертең Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында сотталушы кеңес сұраған көріпкелден жауап алынады, деп хабарлады turkystan.kz.
Прокурор Бишімбаевтың пәтерінен қан көрген үй қызметкері мен қайғылы оқиға болған күні сотталушы кеңес алған көріпкел Гүлнар Ережепованы сотқа шақыруды сұрады. Прокурор аталған адамдардан онлайн жауап алатынын жеткізді.
Айыптаушы тараптың өтінішін судья қанағаттандырды.