Алматыда полиция көлігі мен мопед соқтығысты

Мопед жүргізушісі медициналық көмектен бас тартты

Алматыда полиция көлігі мен мопед соқтығысты
egovpress
670

Алматыда мопед пен полиция экипажының көлігі соқтығысты, деп хабарлады turkystan.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіге шыққан видеодан тұтас жолақты кесіп өткен полиция көлігіне мопедтің соғылғанын көруге болады. Желідегі жазбада аталған видеоның көптеген әлеуметтік желінің каналдарынан алып тасталғаны жазылған. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты қаланың Жетісу ауданында болған. Шұғыл шақыруға шыққан патрульдік полиция экипажы алдын ала жыпылықтайтын шамдар мен жарық сигналды дауыс зорайтқыш қондырғыны қосып, белгіленген ережелерді қатаң сақтай отырып, кері бұрылу маневрін жасады. Жол қозғалысына қатысушылар полиция көлігіне жол берген. Алайда, қоғамдық көлікке арналған жолмен келе жатқан мопед жүргізушісі заң талабын елемей, патрульдік көлікпен соқтығысқан.

«Мопед жүргізушісі медициналық көмектен бас тартты. Жол апаты фактісі тіркелді. «Chevrolet» автокөлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды. Өндірістік материалдар сотқа жіберілетін болады», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Серіктес жаңалықтары