Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады

Найзағай, жаңбыр жауады.

Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады
pixabay.com
625

«Қазгидромет» РМК 23-25 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің дерегінше, республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфера фронттары әсер етіп найзағай, жаңбыр жауады.

«25 сәуір күні еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Тек аптаның басында антициклон әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып тұрады. Республика бойынша екпінді жел соғып, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ түсіп, дауыл болады деп болжануда», - делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градус аязға дейін, ал күндіз 3-13 градус жылыға дейін төмендейді, орталықта түнде 0-5 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

Серіктес жаңалықтары