«Оған сендер кінәлісіңдер»: Әнші Нұрлан Албан ер-жігіттерге үндеу жасады

Әнші ерлер қауымына қыздардың қоғамдағы рөлін түсіндіруге тырысқан.

«Оған сендер кінәлісіңдер»: Әнші Нұрлан Албан ер-жігіттерге үндеу жасады
serke.org

Танымал әнші Нұрлан Албан қазақ жігіттеріне үндеу жасап, кеңесін айтты. Өнер иесі қыз-келіншектерге барынша қорған болып, оларға сыйластық таныту керектігін жеткізді.

Нұрлан Албанның көпшілік алдында сөйлеп жатқан видеосы Instagram желісінде тарап кетті.

«Бір қазақтың қызы мұңайса, оған кінәлі - сендерсіңдер. Қазақ қызының көзінен себепсіз бір тамшы жас та ақпау керек. Сондықтан жігіттер қазақ қыздары - біздің көзіміздің қарашығы. Ұлтымыздың тұнығы, қыз деген кие, қыз деген періште. Қыздардың бір қиналғанын, налығанын, мұңайған жанарын көрмеуіміз керек. Бұл осындағы жігіттерге қаратып айтылған сөз. Бір қазақтың қызының тірлігі жүрмей қалса, оған сендер кінәлісіңдер. Өздерің ғана таппай, оған да қолдау білдіру керек. Ол саты өте нәзік болса да, қаншама ауыртпашылықты арқалап жүр. Олар сендерді көріп қалса, қорқынышы басылады, сенімі ұлғаяды. Сол себепті қазақ жігіттері бірде-бір қазақ қызының назына қалмау керек», - деді Нұрлан Албан.