Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі.

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
pixabay

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қазгидромет синоптиктері еліміздің қалаларындағы ауа сапасына болжам жасады.

22 сәуірде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

  • Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
  • Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.