Семейде жоғалып кеткен бір үйдің екі баласы әлі табылмай жатыр

21 сәуірде облыстық полиция департаменті олардың әлі табылмай жатқанын нақтылады

Семейде жоғалып кеткен бір үйдің екі баласы әлі табылмай жатыр
Абай облысы ПД баспасөз қызметі
744

Абай облысында 7 сәуірде Семейде әпкелі-інілі бір үйдің балалары жоғалып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Семейде полицейлер мен құтқарушылар Әбішевтердің жоғалған ағасы мен әпкесін іздеуді жалғастыруда. Өзен арналарында іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жастар көп жиналатын жерлерде іздестіру шаралары жүргізілуде, - делінген полиция хабарламасында.

Берілген нұсқаулыққа сәйкес, жоғалғандар - 2005 жылы туылған Алтынай Әбішева және 2008 жылғы Абзал Әбішев.

Олар 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный левый елдімекеніндегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.

21 сәуірде облыстық полиция департаменті олардың әлі табылмай жатқанын нақтылады.

Серіктес жаңалықтары