«500 шприц жиналды»: Шымкент тұрғындары нашақорлар көбейгеніне шағымданды

Жергілікті тұрғындар үйінің артында олардың орны бар екенін айтады.

«500 шприц жиналды»: Шымкент тұрғындары нашақорлар көбейгеніне шағымданды
qarmaqshy-tany.kz

Шымкенттегі шағынаудан тұрғындар үйінің маңындағы нашақорлар притонына шағымданды, деп хабарлады turkystan.kz.

Massaget.kz сайтының мәліметінше, нашақорлар Нұрсат шағынауданындағы көппәтерлі үйлердің бірінің тұрғындарын шошытып отыр.

Жергілікті тұрғындар үйінің артында олардың орны бар екенін айтады. Онда кешке нашақорлар жиналып, есірткі сатушылар жұмыс істейді екен. Тұрғындардың сөзінше, бұл жерде қолданылған шприцтер де жатады.

«Жақында 500-ге жуық шприц жинадық. Бір кеште ғана жиналған. Мұнда нашақорлардың притоны бар, онымен үш жылдан бері күресіп келеміз», - дейді жергілікті тұрғын.

Жергілікті тұрғындардың мәселелерін шешу оңай емес екен.

«Шприцтерге келсек, аумақты тазарттық және құзыретті органдарға жүгіндік. Рейд шаралары ұйымдастырылуы керек. Олар мұнда саябақ салуды сұрап отыр, бірақ біз олай істей алмаймыз», - дейді Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Құдайберген Қалдықараев.