«Осы заманның Қыз Жібегі мен Төлегені»: Тәуекел Мүсілім жұбайымен ерекше видео түсірді

Желі қолданушылары жарасымды жұпқа жарыса жылы лебіз білдірді.

«Осы заманның Қыз Жібегі мен Төлегені»: Тәуекел Мүсілім жұбайымен ерекше видео түсірді
instagram/mussilim

Ғашықтар күніне орай актер Тәуекел Мүсілім мен жұбайы Махаббат ұлттық киіммен видео түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Ғашықтар күні құтты болсын. Әлемде махаббат жасасын», - деп жазды актер Instagram-дағы парақшасында.

Желі қолданушылары жарасымды жұпқа жарыса жылы лебіз білдірді.

«Махаббаттарың мәңгі болсын!», «Осы заманның Қыз Жібегі мен Төлегені», «Бақытты болыңдар», «Әдемі жұп», - деп жазды олар.