Диета коласы ма, әлде қант қосылмаған кола ма?: Диетолог коланың қай түрін ішкен дұрыс екенін айтты

Қай коланы ішкен дұрыс?

Диета коласы ма, әлде қант қосылмаған кола ма?: Диетолог коланың қай түрін ішкен дұрыс екенін айтты
сурет: Владимир Жабриков © URA.RU

Канадалық кәсіби диетолог маман Coca-Cola Zero және Diet Coke сусындарының қайсы пайдалырақ екенін бағалады, деп жазды New York Post.

"Екеуінде де аспартам, кофеин, табиғи хош иістер, карамель, бояғыштар және т.б. бар", - деді Эбби Шарп TikTok-тағы эфирінде.

"Негізгі айырмашылық мынада: диета коласына тәттілік тек аспартам арқылы беріледі, ал қантсыз кола құрамында калий ацульфамы немесе Ace-k деп аталатын қоспа бар. Сауықтыру қауымдастығы бұл қоспаның екеуін де зиянды деп атағанымен, шындығында, олардың екеуі де FDA мақұлдаған және қалыпты мөлшерде қосылса, қауіпсіз", - деп жалғастырды Шарп.

Nutrasweet, Equal және Sugar Trip брендтері шығаратын аспартам қантқа қарағанда шамамен 200 есе тәтті екен. Өткен жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының онкологиялық ауруларды зерттеу бөлімі аспартамды "адамдар үшін канцерогенді болуы мүмкін" деп мәлімдеп, денсаулыққа тигізуі мүмкін қаупі туралы қосымша зерттеу жүргізуге шақырған болатын.

Бірақ Азық-түлік және Дәрі-Дәрмек Басқармасы бұл мәлімдемемен келіспейтінін айтып, аспартамның қатерлі ісікпен байланысын жоққа шығарған.

Қорытындылай келе диетолог екеуінің аса айырмашылығы жоқ екенінін айтып, ең бастысы мөлшермен, көп тұтынбау маңызды екенін еске салды.

"Шынымды айтсам, диета коласы денсаулыққа пайдалы емес. Оларды кәдімгі, толық қантты газды сусындардан басқаша өңдеу керек. Диета коласы ма, қант қосылмағаны ма, жоқ кәдімгі кола ма, еш айырмашылығы жоқ. Сондықтан, кола ішкіңіз келсе, қалыпты мөлшерден асып кетпесеңіз болғаны”, - деді диетолог.