884
Тараздағы перзентханада 33 жастағы жүкті әйел өз-өзіне қол салған
Осы қайғылы оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Таразда 33 жастағы жүкті әйел перзентхананың ванна бөлмесінде өзіне қол салған.
Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының мәліметінше, жүкті әйел жалған толғағы келіп, тиісті ем қабылдаған. Орталықта болған кезде психологиялық ауытқулар байқалмаған. Осы қайғылы оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
"Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды, Жамбыл облысы бойынша сот сараптама институтының мамандарына тапсырылды", – деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдары қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.