665
Алаяқтар ҚР Премьер-министрі мен Үкімет мүшелерінің атынан ақшалай көмек сұрап, хабарлама жіберіп жатыр
Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде ҚР Премьер-министрі мен Үкімет мүшелерінің жалған аккаунттары ашылған.
Алаяқтар банктің шектеу қоюына байланысты қаржылай көмек сұрап, хабарлама жіберіп жатыр. Олар фишингтік сілтемелерді пайдаланған, деп хабарлады turkystan.kz.
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан ақпарат таратылып жатқанын хабарлайды. Бұл – жалған ақпарат. Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз. Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде», – деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.