702
Республикалық маңызы бар 14 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Қазір республикалық жолдарда 365 бірлік техника мен 701 адам жұмылдырылған.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпарат жарияланды.
2024 жылғы 10 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3655 метр болатын су тасқыны орын алды. 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолында (ұзындығы 626 км) қозғалысқа шектеу қойылды, - делінген хабарламада.
Қазір республикалық жолдарда 365 бірлік техника мен 701 адам жұмылдырылған.