Ерлан Қошанов: Депутаттар тасқын судың беті қайтқанша өңірлерде болады
Мәжіліс спикері осы қиын жағдайды ескере отырып, бұл аптада Мәжілістің жалпы отырысы болмайтынын айтты.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елдегі су тасқынына байланысты ахуал туралы пікір білдіріп, депутаттар халықпен бірге екенін айтты.
Елдегі су тасқыны баршамызды алаңдатып отыр. Мамандар кейбір облыстар бұл табиғи апаттың шарықтау шегінен әлі өткен жоқ деген болжам жасауда. Сондықтан бар күшімізді біріктіріп, су тасқынына ел болып төтеп беріп жатырмыз. Өңірлерде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты күллі қоғам Президенттің маңайына топтасты. Мәжіліс депутаттары да су басқан аудандар мен ауылдарда жүр. Олар Үкіметпен және жергілікті билік органдарымен бірге су тасқынына қарсы қолға алынған шараларға атсалысуда. Зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, мемлекет тарапынан көмек көрсету мәселелерін бақылауда. Гуманитарлық жүктерді жеткізуді ұйымдастырып, волонтерлердің жұмысын үйлестіріп жатыр, - деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс спикері осы қиын жағдайды ескере отырып, бұл аптада Мәжілістің жалпы отырысы болмайтынын айтты.
Қазір барлық күш, барлық ресурс су тасқынын еңсеруге бағытталып отыр. Депутаттар халықпен үнемі байланыста. Тасқын судың беті қайтқанша өңірлерде халықпен бірге болады, - деді Ерлан Қошанов.