Ресей азаматы Қазақстанға қолтырауынды заңсыз әкелмек болған

Қолтырауын мамандандырылған ұйымға беріледі.

Ресей азаматы Қазақстанға қолтырауынды заңсыз әкелмек болған
megaproekty
704

Ресейде кеден қызметкерлері ер адамның Қазақстанға Бакс атты тірі қолтырауынды заңсыз әкетуіне жол бермеген, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Орск өткізу пунктінде кеден қызметкерлері жүк көлігін тексерген. Көлікті тексеру барысында басқа заттардың арасынан тірі қолтырауын салынған ағаш қорап табылған. Ішіндегі бауырымен жорғалаушының ұзындығы - 1,8 метр.

Көлікті Ростов облысының тұрғыны тізгіндеген. Оның жануарды шетелге шығаруға қажет рұқсат құжаттары болмаған, бірақ ветеринариялық паспорты болды.

«Құжатқа сәйкес, қолтырауынның аты - Бакс. Ер адам оны 2009 жылы сатып алған. Қазір Ресей Федерациясының Әкімшілік кодексінің 16.3-бабы негізінде жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деп жазылған комитет хабарламасында.

Қолтырауын мамандандырылған ұйымға беріледі.

Серіктес жаңалықтары