ҚазАвтоЖол: Доссор-Құлсары автомобиль жолын су шайып кетті

Қазір еріген қар суын ағызу және жол жиегі бойындағы білікті күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚазАвтоЖол: Доссор-Құлсары автомобиль жолын су шайып кетті
t.me/qazavtojol
957

Атырау облысындағы Доссор-Құлсары автомобиль жолын су шайып кетті, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.

«4 сәуірде сағат 09:50 шамасында А-33 Доссор-Құлсары тас жолының 101 шақырымында Жем өзенінің арнасынан су тасып, жолды су алып кетті (ұзындығы 130 м, биіктігі 1-3 см)», - делінген хабарламада.

Қазір еріген қар суын ағызу және жол жиегі бойындағы білікті күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Автожол мен жердің бұзылуына қауіп төніп тұрған жоқ. 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.

«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 4-119 шақырымында (Доссор а.-Құлсары қ. учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Серіктес жаңалықтары