3419
4 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Кей өңірлерде жел күшеюі ықтимал
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4 сәуір, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі Батыс антициклонының ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
Тек елдің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай жарқылдайды.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, батыста, оңтүстікте жел күшейеді.
Түркістан облысында дауыл тұрады.