Елордада 300-ге жуық бала ем алып жатқан мекемеден өрт шықты

Балалар ғимараттан шығып үлгерген.

Елордада 300-ге жуық бала ем алып жатқан мекемеден өрт шықты

3 сәуір сағат 19.58-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Тұран 36 мекенжайында орналасқан мекемеден өрт шыққаны туралы хабар жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер Ұлттық балаларды оңалту орталығының жертөлесінде қуат кабелінің жанғанын анықтады.

«Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында сағат 21:13-те өрт оқшауланып, 21:20-да жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ғимараттан 300-ге жуық бала өз бетінше шықты. Болжам бойынша өрттің шығу себебі — электр сымдарының қысқа тұйықталуы», - делінген Астана қаласы ТЖД таратқан хабарламада.

Оқиға орнында Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 56 адамы және 13 техникасы қызмет етті.