Мақпал Жүнісова 42 жыл бұрын түсірілген видеосын жариялады

Өнер иесі 18 жасында сахнада ән айтқан сәтін көрсетті.

Мақпал Жүнісова 42 жыл бұрын түсірілген видеосын жариялады
Мақпал Жүнісова . Фото: kaskelen.kz
825

ҚР Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова алғаш сахнаға шыққан сәтін есіне алды.

Өнер иесінің сахналық көйлегі де тыңдарман қауымға ұнап қалған.

«1982 жыл. Марқұм Ақжол Мейірбеков ағамыз хабарлапты. Сейдолла Байтереков ағамыз да өмірден озып кетті. Жандары жәннатта болсын, топырақтары торқа болсын! 42 жыл бұрынғы сахнаға шыққан сәтім. Қазір мына дене бітімім болса, жараспас еді. 18 жаста едім. Қайран жастық», – деп жазды әнші.

 

Серіктес жаңалықтары