Су тасқыны: «Астана Моторс» компаниясы зардап шеккендерге 500 млн теңге көмек берді

Қаражат «Демеу Қазақстан Қоры» корпоративтік қорының шотына аударылды.

Су тасқыны: «Астана Моторс» компаниясы зардап шеккендерге 500 млн теңге көмек берді
ТЖМ

«Астана Моторс» компаниясы су тасқынынан зардап шеккен өңір тұрғындарына көмек ретінде 500 миллион теңге аударды.

«Біз барлығымыз не болып жатқанын жақсы түсінеміз және табиғи апаттың кесірінен кенеттен баспанасынан, дүние-мүлкінен және күнкөріс көздерінен айырылған отандастарымызға жанашырлықпен қараймыз. Біз зардап шеккен аймақтардағы қалыпты өмірді қалпына келтіру үшін 500 миллион теңге бөлуді ұйғардық. Төзімділік, шыдамдылық және өзара көмек су тасқынының салдарын еңсеруге көмектеседі», - деді компанияның негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.

Қаражат «Демеу Қазақстан Қоры» корпоративтік қорының шотына аударылды.