Алматыда жолаушылар троллейбусы өртеніп кетті

Аталған жағдайға қатысты Алматы қалалық ТЖД түсінік берді.

Алматыда жолаушылар троллейбусы өртеніп кетті
ТЖМ

Алматыда Сәтпаевпен пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жолаушылар троллейбусы өртенді.

Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан троллейбустың видеосы тарады.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қалалық ТЖД түсінік берді. 

Бүгін таңертең Алматы қаласы Бостандық ауданында №7 троллейбустың ішінде өрт шықты. Ішінде болған азаматтар өз бетінше эвакуацияланды. 8.15-те өрт сөндірілді. Өрт алаңы 20 ш.м. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, - дейді Алматы қалалық ТЖД.