Италиялық Янник Синнер Miami Open жеңімпазы атанды

Шешуші ойында ол болгар Григор Димитровты 6-3 және 6-1 есебімен жеңді.

Италиялық Янник Синнер Miami Open жеңімпазы атанды
сурет: euronews.com

Италиялық теннисші Янник Синнер америкалық Miami masters сериясының турнирінде жеңіске жетті, деп жазды euronews.com.

Шешуші ойында ол болгар Григор Димитровты 6-3 және 6-1 есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 14 минутқа созылған.

22 жастағы Синнер үшін бұл - маусымдағы 3-ші және бүкіл мансабындағы 13-ші атағы. Ол осы маусымда тек бір кездесуде жеңіліп, бірінші рет әлемнің екінші ракеткасы атанып отыр.