Бірнеше республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы мәлімдеді.

Бірнеше республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
ҚазАвтоЖол
662

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық жолда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.

  • 28 наурызда сағат 20:30 шамасында еріген судың көп мөлшерінен және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» республикалық авто жолының 707 шақырымынан 941 шақырымына (Аягөз қаласынан Боғаз ауылына) дейінгі аралықта барлық көлік құралының түрлеріі үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
  • 28 наурызда сағат 20:50 шамасында көпірге қарай жолдың ішінара бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» авто жолының 965 шақырымынан 1240 шақырымына дейінгі аралықта барлық көлік құралының түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
  • 28 наурызда сағат 21:00 шамасында Ақтөбе облысына көлік қозғалысының жабылуына байланысты Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» авто жолының 1240 шақырымынан 1357 шақырымға дейінгі аралықта көлік құралының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).
  • 28 наурызда сағат 21:00 шамасында Қарағанды облысында еріген судың шамадан тыс көп болуына және көліктің қауіпсіз қозғалысына қауіп төнуіне байланысты Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау авто жолының 147-шақырымнан 166-шақырымға дейінгі аралықта көлік құралының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды (Алғабас ауылынан Ақмешітке дейінгі учаске).

Серіктес жаңалықтары