«Ұлы Жібек жолы» турнирі: Қазақстандық бес боксшы алтынға таласады

Шешуші жекпе-жектерде Теміртас Жүсіпов, Тимур Қабдешов, Талғат Сырымбетов, Дархан Дүйсебай және Сағындық Тоғамбай шаршы алаңға шығады.

«Ұлы Жібек жолы» турнирі: Қазақстандық бес боксшы алтынға таласады
olympic.kz

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде бүгін бес қазақстандық боксшы финалда жұдырықтасады. 

Шешуші жекпе-жектерде Теміртас Жүсіпов (48 кг), Тимур Қабдешов (54 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг) және Сағындық Тоғамбай (92 кг) шаршы алаңға шығады.

Жекпе-жек Астана уақытымен сағат 15.00-де басталады. 

48 кг. Теміртас Жүсіпов — Хасан Маликов (Әзербайжан).

54 кг. Тимур Қабдешов — Хужаназар Нортожиев (Өзбекстан).

60 кг. Талғат Сырымбетов — Азрак Бабиров (Әзербайжан).

71 кг. Дархан Дүйсебай — Бекзод Хамидов (Өзбекстан).

92 кг. Сағындык Тоғамбай — Лорен Берто Альфонсо Домингес (Әзербайжан).