Қуандық Бишімбаев: Мойындамаймын, аса қатыгездікпен кісі өлтірген жоқпын

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралып жатыр

Қуандық Бишімбаев: Мойындамаймын, аса қатыгездікпен кісі өлтірген жоқпын
Сурет: Астана сотының баспасөз қызметі
798

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралып жатыр. Бұған дейін 12 алқаби іріктелген болатын.

Күдікті Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын, қасақана кісі өлтірмегенін айтты.

Мен артылған кінәні мойындамаймын. Мен аса қатыгездікпен кісі өлтірген жоқпын, - деді Бишімбаев.

Айта кету керек, Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр: 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру); 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).

Оның туысы Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған: 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу); 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).

Серіктес жаңалықтары