АҚШ пен Ұлыбритания Қытай азаматтары мен компанияларына санкция салды

Бұған дейін АҚШ Қытайдың 7 хакерін америкалық заң шығарушыларға, саясаткерлерге және журналистерге шабуыл жасады деп сырттай айыптаған.

АҚШ пен Ұлыбритания Қытай азаматтары мен компанияларына санкция салды
сурет: Reuters
870

АҚШ пен Ұлыбритания қауіпті кибершабуылға байланысты Қытай компанияларына және Қытай үкіметімен байланысы бар деп тапқан екі жеке тұлғаға қарсы санкция жариялады. Бұл туралы Euronews.com жазды.

Лондон олар кибертыңшылық жасағаны үшін жауап беруі керек деп мәлімдеді, нақтырақ айтқанда, оларға ондаған миллион британдық сайлаушы туралы ақпарат алу үшін жүйені бұзды деген айып тағылып отыр. Дегенмен, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі бұл сайлау процессіне кері әсер етпегенін хабарлаған.

Бұған дейін АҚШ Қытайдың 7 хакерін америкалық заң шығарушыларға, саясаткерлерге және журналистерге шабуыл жасады деп сырттай айыптаған.  Айыптар екі тармақ бойынша — компьютерлік шабуыл жасау және байланыс құралдары арқылы алаяқтық жасау бойынша тағылған. 

Серіктес жаңалықтары