Елімізде жылқы еті қымбаттай ма? – министр жауап берді

Айдарбек Сапаров жылқы еті қымбаттамайтынын мәлім етті.

Елімізде жылқы еті қымбаттай ма? – министр жауап берді
pixabay

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жылқы етінің бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Жылқы еті қымбаттамайды. Өйткені, елімізде жылқы шаруашылығы жақсы дамып келе жатыр. 4 млн бастан артық жылқы бар. Сондықтан да жылқы еті қымбаттамайтыны анық», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте. 

Айта кетейік, биыл қыста Ұлытау облысында 360 бас жылқы қырылған болатын. 

Бірақ, бұл да түпкілікті дерек емес. Қазіргі уақытта өңірде өлген жылқыларды анықтау бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Өлген жылқыларды иелері де табылар емес.