Алматы облысында үш жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр

Баланы іздеу үшін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды.

Алматы облысында үш жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр
instagram/enbekshikazakh_audan_akimdigi
808

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында болған. Полицияға баланың анасы кешке хабарласқан.

Арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Баланы іздеу үшін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды.

Айта кетейік, бұған дейін бала 17 наурыз күні түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары