Астанада мұнара кранынан өрт шықты

Өрт толығымен сөндірілді.

Астанада мұнара кранынан өрт шықты
ТЖМ

Астанада 12-қабат деңгейінде тұрған мұнара кранынан өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер мұнара кранының өртін сөндірді.

Бүгін таңертең  Байқоңыр ауданында жаңа ғимараттың аумағында 12-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы өртенді.

«Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің ауданы - 1,5 ш.м. Медициналық тексеруден кейін краншы ауруханаға жатқызудан бас тартты. Астана қаласы ТЖД 8 адам және 2 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.