Қазгидромет 4 өңірде су тасу қаупіне байланысты ескерту жасады

24-26 наурыз күндері күн жылынып, Атырау облысында қар қарқынды ери бастайды

Қазгидромет 4 өңірде су тасу қаупіне байланысты ескерту жасады
stan.kz
1291

«Қазгидромет» мамандары еліміздің төрт облысының тұрғындарына су тасқыны қаупі туралы ескертті, деп хабарлады turkystan.kz.

Мәлімет бойынша, 24-26 наурыз күндері күн жылынып, Атырау облысында қар қарқынды ери бастайды. Осыған қарай Қызылқоға, Жылыой аудандарындағы шағын өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, жауын-шашын болуы ықтимал.

Ал 25-28 наурызда ауа температурасының одан әрі көтерілуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында қар еріп, өзендердегі су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін. 26 наурызда БҚО-ның кей жерлерінде жаңбыр жауады.

24-29 наурыз аралығында Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында қар қарқынды еріп,  оңтүстік өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін, салдарынан автожолдар, елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарын су басу қаупі жоғары.

Серіктес жаңалықтары