Қазақстандық спортшылар семсерлесуден Олимпиадаға 4 жолдама жеңіп алды

Командалық жолдаманың арқасында 3 спортшымыз автоматты түрде жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласа алады

Қазақстандық спортшылар семсерлесуден Олимпиадаға 4 жолдама жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Тбилисиде өтіп жатқан Әлем Кубогында семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарының төрт лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық құрама сапында: Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай өнер көрсетіп, үш спортшымыз автоматты түрде жекелей сында бақ сынайды.