Желі Қуандық Бишімбаевтың барменді балағаттаған видеосы тарады

Әлеуметтік желіде қолданушылардың көпшілігі Бишімбаевтың әрекетіне әртүрлі сын-пікір жазуда.

Желі Қуандық Бишімбаевтың барменді балағаттаған видеосы тарады
Скриншот

Желіде Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев астанадағы мекемелердің біріндегі барменді балағаттап, қорқытып жатқаны түсірілген видео жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде қолданушылардың көпшілігі Бишімбаевтың адамдарға деген осындай қатынасынан кейін билікке қалай келгеніне таңданып жатыр.