Алматы облысында су тасқыны болды

Қазір еріген суды ағызу, уақытша жол белгілерін орнату және жол бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Алматы облысында су тасқыны болды
Катонқарағай ауданы әкімінің жеке парақшасы
947

2024 жылғы 21 наурызда сағат 21:00 шамасында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Кеген-Нарынкөл тас жолының 60 км (40 м) және 72 км (40 м) (Қайнар және Текес ауылы, Райымбек ауданы, IV санат) жол бөлігінде су тасқыны орын алды.

«ҚазАвтоЖол» мекемесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы су ағынының ұзындығы 80 м, ал биіктігі 10 см құрады. Көрсетілген учаскеге диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орнатылды. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды.

«Қазір еріген суды ағызу, уақытша жол белгілерін орнату және жол бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жол тәулік бойы бақылауға алынды. Жол қозғалысына шектеулер жоқ», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары