995
Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу ойынында жеңіліп қалды
Бұл – құраманың Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өткізген екінші ойыны.
Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу ойынында жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысына қарасты Талғар қаласында өткен бұл ойында ұлттық құрама ойыншылары Эстония командасынан 0:2 есебімен есе жіберді.
Бұл – Қазақстан қыздар құрамасының Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өткізген екінші ойыны. 18 наурыз күні олар Босния және Герцеговина командасынан 1:3 есебімен ұтылып қалған болатын.